Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Жаңалық негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72836) 3-75-14
Бухгалтерия
+7(72836) 3-75-14
Версия для
слабовидящих
01
июнь
2018

Хаттама

«Ескелді ауданы әкімдігінің
Жаңалық негізгі орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
отдела образования Шуского района

Хаттама № 3

Попечительский советтің отырысы
29.05.2018ж Жаңалық ауылы
Қатысқандар:
Мектеп директоры – Тулендинов Б.М.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мухаметжанов Н.К.
Ата – аналар саны – 37
Отырыстың төрағасы:
Қатыспағандар – 6
Себептісі – 4
Себепсізі – 2

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. Попечительский советінің жұмысын жандыру, кеңес мүшелерін қайта сайлау
2. Жазғы лагерді ұйымдастыру
3. «Мектепке кітап сыйла» акциясын ұйымдастыру
4. Балалардың техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету
5. Әр түрлі мәселелер

ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

1. Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Б. Тулендинов сөз алып қамқоршылық кеңесі туралы айтып кетті. Өз сөзінде ол – Попечительский советтері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Попечительский советтері – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы. Попечительский советінің құқықтық статусы екі түрде орнатылуы мүмкін: ол заңды тұлғаны құру жолымен де, құрмай-ақ та қызмет жасай алады – деп айтып кетті.
Ары қарай сөз кезегін педагог – ұйымдастырушы Н. Мухаметжанов жалғастырды. Тақырып бойынша министрліктік жалпыұлттық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу үшін жіберген видеоларды көрсетті. Өз сөзінде ол – Попечительский советінің мақсаты: Білім беру ұйымына қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Попечительский советі жұмысының бағыттары: Білім беру ұйымының білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету; Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту; Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу; Білім беру ұйымы басшылығының Попечительский советі алдындағы есебін тыңдап, қабылдау - деп айтып кетті.
2. Екінші мәселе бойынша педагог – ұйымдастырушы Н. Мухаметжанов мектеп жанындағы құрылатын «Балдаурен» лагерь туралы айтып, мектеп жанындағы лагерьдің жүргізілуіне жауапты мұғалімдермен таныстырып кетті.
3. Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Тулендинов сөз кезегін өзіне алып «Мектепке кітап сыйла» акциясы туралы айтып, мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
4. Төртініші мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Умарова өзіне алды. Жалпы өмір қауіпсіздік техникасымен таныстырып, ата – аналардың міндеттерімен, бала өміріндегі жауапкершілігі туралы айтып кетті. Өз сөзінде – Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с.. Өмір қауіпсіздік негіздерін Әр қайсысы білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек – деп айтып кетті. Ары қарай педагог – ұйымдастырушы Н.Мухаметжанов жазғы демалыс уақытында оқушылардың техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата – аналардан қолхат алды.
5. Әр түрлі мәселелер бойынша ата – аналар мектепке, білім үрдісіне байланысты, жаңартылған бағдарлама бойынша, осы бағдарлама бойынша оқитын сыныптар туралы сұрақтар қойды. Мектеп директоры Б.Тулендинов, мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Умарова ата – аналардың сұрақтарына жауап берді.






ШЕШІМІ:

1. Бірінші сұрақ бойынша Попечительский советінің келесі мүшелері сайлансын:
Кеңес төрайымы: Матенова Сабира
Мүшелері: Кашкинбаева Гүльбану
Мерезенова Гүльназ
Шегебаева Арайлым
Ырысхан Бағдат
2. Мәселе бойынша мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерінің жұмыс жандандырылсын. Жұмыс жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер тағайындалып бекітілсін. Бастауыш сынып мұғалімі: С.Тогызбасова жазғы «Балдаурен» лагеріне жауапты болып бекітілсін.
3. «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізілісін. Осы акцияға мектеп оқушыларын, ата – аналардың барлығын қатыстыру ұйымдастырылсын, акцияның өтуіне жауапты болып Н.Мухаметжановқа тағайындалсын.
4. Төртінші мәселе бойынша ата – аналардың барлығынан қолхат алынсын, техника қауіпсіздік ережелеріне қолдары қойылсын. Сынып жетекшілері «Өмір қауіпсіздік техникасы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізсін.
5. Бесінші мәселе бойынша ата – аналармен талқыланған әр түрлі мәселелер қанағаттанарлық деп есептелсін.



Мектеп директоры: Б.Тулендинов


Хатшы: Ұ.Қалқабаева

Похожие публикации:

26 апрель 2017 Мектеп тарихы
25 апрель 2017 Мектеп ұжымы