Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Жаңалық негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72836) 3-75-14
Бухгалтерия
+7(72836) 3-75-14
Версия для
слабовидящих
17
апрель
2017

7

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін физика сабағында пайдаланудың тиімділігі

Болашағынан зор үміт күтуге болатын білімді де, білікті ұрпақ тәрбиелеп, оқытып шығару, қазіргі өркениетті, дамыған елдер қатарына қосылып, білімділігімен биіктерден көріне алатын, ой-өрісі кең, ақыл-парасаты мен адамгершілік қадір-қасиеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып өмірге бейімдеу ұстаздардың басты парызы.

Оқылым – материалда берілген мәтіннің мазмұнын толық оқып шығу  (ОЖСБ-да, PISA тапсырмаларында оқулықтағы мәтінге сай сұрақтар туындауы мүмкін). Физикалық тұрғыда оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен физикалық шамалардың, формулалардың мағынасын түсініп оқу арқылы санасына  қабылдай отырып, сауатты, дұрыс,  ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптай алу.

Айтылым – адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Физикадан оқылған материалды ойына түйіп, ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып өз сөзімен дәлелді айта алуы. Бұл әрекет сабақта түсінігін айтуда, жазған ғылыми жобаларын қорғауда қажет болады.

          

 

Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне жазып,  сауатты жеткізе білу. Физикалық тұрғыда – мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып жазу арқылы пән бойынша теориялық білімнің нық қалыптасуына себі тиеді, жаза отырып ойдан ой туады.

Тыңдалым – есту арқылы түсіну.  "Тыңдалмаған сөз жетім” дейді халықта физика пәніне оқушының тыңдалым әрекетін дамыту арқылы  ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай алуға тыңдалым арқылы алған білімі арқасында өзі ой қорытып жаза алуға, ойын дәлелдеп айта алуға дағдыландыруға болады.

Оқушының сөйлесім әрекетін арттыруда сонымен қатар Шульманның «үш көмекші» деп аталатын қасиеттері болған жағдайда ғана оқыту табысты болмақ [1, б. 12].  Шульман ілімі бойынша бұл көмекшілер «Бас, қол, жүрек» болып табылады. Физика пәні бойынша алған білімін баспен ойлап, қолмен жасап және оқып түйгенін жүреккежеткізсе, бұдан оқушының тақырыпты меңгергендігін, түсінгендігін көруге болады. Себебі түсіну - сөйлесім әрекетінің барлық түріне тән ең басты көрсеткіш болып табылады. Бір адам екінші бір адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда өзара сөйлесу жүзеге аспайды, яғни оқу да, жазу да, тыңдау да, айта білу де мүмкін емес.

 

 


 

                       

 

                       

 

                    

          

         

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Похожие публикации:

17 апрель 2017 Жоспарлар