1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке 1990 жылдан бастап БҰҰ
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке 1990 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. Қазақстанда да қарттар күні жыл сайын аталып өтіп, қазыналы қарияларға құрмет көрсетіледі. Бұл күннің мақсаты қарт адамдарға қамқорлық танытып, қоғамдағы орнын қадірлеу, ұрпаққа өнеге болған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың еңбегін бағалау. Мектептерде, балабақшаларда, мекемелерде түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп, қарттарға арнап концерттер қойылады, құттықтау сөздер