Жаңалық негізгі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Жаңалық негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-75-14
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-75-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жастар негізгі орта мектебі мен Жаңалық негізгі орта мектебі бірлесе «Үйірменің үйретері көп» тақырыбында аудандық семинар өтті.
15
декабрь
2022

Жастар негізгі орта мектебі мен Жаңалық негізгі орта мектебі бірлесе «Үйірменің үйретері көп» тақырыбында аудандық семинар өтті.


«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 14 желтоқсан күні мектепте Жастар негізгі орта мектебі мен Жаңалық негізгі орта мектебі бірлесе «Үйірменің үйретері көп» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің 25 тәрбие орынбасарлары қатысты. Семинар барысында Жастар негізгі орта мектебінің мектеп директоры Бектенов А.К.Жаңалық негізгі орта мектебінің директоры Тулендинов Б.М. және аудандық білім бөлімінің бас маманы Ш.А.Жаканова алғашқы сөзді айтып, ізгі тілектерін білдірді. Қатысушы қонақтарға мектеп психологы Г.С.Декембаева «Әлемге нұр сыйлаймын!» атты психологиялық тренинг өткізді. Жастар негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Муратбекова Ж.Е. 1 сынып оқушыларымен «Сиқырлы сандар» тақырыбында және Ахметова А.Д. «Математикалық квест» тақырыбында 2 сынып оқушыларымен өз тәжірибесімен бөлісті. Жаңалық негізгі орта мектебінің мұғалімі Медетбекова М. 3 сынып оқушыларымен «Ғажайып математика» тақырыбында үйірме сабақ көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімі Исабекова Б. «Батикпен жұмыс» шебер сынып жұмысын көрсетті. Жастар негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ережепбаев И.А. «Асық ұлттық ойыны» тақырыбында асық үйірмесінің жұмысымен таныстырды. Жастар негізгі орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жумарова Д.Ж. «Тұмар» домбыра үйірмесінің жұмысы көрсетті. Жаңалық негізгі орта мектебінің педагог-ұйымдастырушы Абдрашева Г.К.«Үйірменің үйретері көп» атты мектептің үйірме жұмыстарын көрсетті. Жаңалық негізгі орта мектебінің педагог-психологы Маматаева Г. психологиялық тренингпен семинарға қорытынды жасады