05
декабрь
2025
"Ертегілер елінен мектепке"
"Ертегілер елінен мектепке"Бала қиялының шексіз әлемі – ертегілер елі. Сол сиқырлы әлемде ізгілік, мейірім, достық пен әділдік әрдайым жеңіске жетеді. «Ертегілер елінен мектепке» атты кітаптар топтамасы мектеп табалдырығын аттаған жас оқырманды ертегінің жылы құшағынан білімнің үлкен жолына нәзік түрде жетелейтін бағалы дүниелер.
Бұл жинаққа енген кітаптардың басты мақсаты - баланың оқу дағдысын қалыптастыру, мектепке деген қызығушылығын арттыру және алғашқы білім түсініктерін ертегі сюжетімен байланыстыру.